«Муғалжар Нефтестрой» ЖШС 2011 жылдың шілде айынан бастап «Бершүгір-4» кен орнында кенсіз пайдалы қазбаларды (диабаз) өндірумен және өңдеумен айналысады. Әкімшілік бөлу схемасына сәйкес кен орны Ақтөбе облысының Шалқар ауданында Бершүгір теміржол станциясынан батысқа қарай 2,5 км қашықтықта, аудан орталығынан 110 км және облыс орталығынан 250 км қашықтықта орналасқан.
Бершүгір-4 диабаз кен орны 2006 жылы барланған. Бершүгір кен орнының диабаздары жанартаулық таужыныстарына жатады және құрылыс жұмыстарына арналған қиыршық тастарды өндіру үшін (соның ішінде ауыр бетондарға арналған толтырғыштар ретінде), теміржолдардың балласт қабаттарының құрылысы үшін, автокөлік жолдарының және әуеайлақтарының негіздері мен жабындары үшін, шойтас ретінде және сымбетонды шпалдарды өндіру үшін қолданылады
Жоғары сапалы текше тәрізді құрылыс қиыршық тас
Балласт қабаттарына арналған қиыршық тас
Шақпатас-қиыршықтас-құмды қоспалар
Шақпатас-құмды қоспа
ұнтақтау қалдықтарынан алынған құм
жоғары сапалы текше тәрізді құрылыс қиыршық тас, бетон қоспалары үшін де, жол құрылысы үшін қолданылады, фракциялары 5-10мм, 5-20мм, 10-20мм, 20-40мм, 40-70мм, МЕМСТ 8267-93 талаптарына сәйкес келеді
Өнім сапасын бақылау үшін кәсіпорында ИСО 9001:2008 сапа менеджменті жүйесі әзірленген және енгізілген, оған Өнім сапасын бақылау тәртібімен қолдау көрсетіледі. Көретілген Тәртіпті жүзеге асыру үшін кен орнында «ҰСжСО» АҚ Ақтөбе филиалында аттестациядан өткен Шығарылатын өнімге физикалық-механикалық сынақ жүргізу зертханасы бар. Зертхана замануи жабдықтармен жабдықталған.
Кәсіпорынмен шығарылатын барлық өнім «ҰСжСО» АҚ Ақтөбе филиалында сертификатталған
Өнім сапасын бақылау
Кез-келген көлемді тікелей жеткізу
Сіз кез-келген уақытта кез-келген аймақтан өнімдерге тапсырыс бере аласыз
Өнім сапасын бақылау үшін кәсіпорында ИСО 9001:2008 сапа менеджменті жүйесі әзірленген және енгізілген, оған Өнім сапасын бақылау тәртібімен қолдау көрсетіледі. Көретілген Тәртіпті жүзеге асыру үшін кен орнында «ҰСжСО» АҚ Ақтөбе филиалында аттестациядан өткен Шығарылатын өнімге физикалық-механикалық сынақ жүргізу зертханасы бар. Зертхана замануи жабдықтармен жабдықталған.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Экскаватор Kobelco SK206LC, 1 ед.
Экскаватор Kobelco SK350 , 1 ед.
Бульдозер SHANTUI SD32, 1 ед.
Погрузчик SEM665D, 7 ед.
Самосвал Shacman, 1 ед.
Самосвал Sevalo MT86, 5 ед.
Автогрейдер SEM919, 1 ед.
Кәсіпорынның басымды бағыттарының бірі еңбек қауіпсіздігі болып табылады. 2016 жылы кәсіпорын ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарына сәйкес біріктірілген менеджмент жүйесін сертификаттаудан табысты өтті. Көрсетілген стандарттарға сәйкес Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулық қорғау бағдарламасы әзірленді және енгізілді
ТОЛЫҒЫРАҚ