КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Муғалжар Нефтестрой» ЖШС 2011 жылдың шілде айынан бастап «Бершүгір-4» кен орнында кенсіз пайдалы қазбаларды (диабаз) өндірумен және өңдеумен айналысады. Әкімшілік бөлу схемасына сәйкес кен орны Ақтөбе облысының Шалқар ауданында Бершүгір теміржол станциясынан батысқа қарай 2,5 км қашықтықта, аудан орталығынан 110 км және облыс орталығынан 250 км қашықтықта орналасқан.

Бершүгір-4 диабаз кен орны 2006 жылы барланған. Бершүгір кен орнының диабаздары жанартаулық таужыныстарына жатады және құрылыс жұмыстарына арналған қиыршық тастарды өндіру үшін (соның ішінде ауыр бетондарға арналған толтырғыштар ретінде), теміржолдардың балласт қабаттарының құрылысы үшін, автокөлік жолдарының және әуеайлақтарының негіздері мен жабындары үшін, шойтас ретінде және сымбетонды шпалдарды өндіру үшін қолданылады.

Кен орнын өңдеу «Ақтөбе облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ берілген Жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру лицензиясына сәйкес жүргізіледі. Кен орнын өңдеу ашық әдіспен тасқынды-циклдық әдісті (экскаватор-автокөлік-ДСК) қолданумен жүргізіледі. Пайдалы қазбаларды алуға арналған бұрғылап-жару жұмыстарын мердігерлік ұйым жүргізеді. Барлық тау-кен жұмыстары бекітілген Тау-кен жұмыстарының жоспарына сәйкес жүргізіледі.

2020 жылы, қосымша барлау жүргізілгеннен кейін, пайдалы қазбалардың теңгерімдік қоры өзгерді. Теңгерімдік қор өсімі 117439,89 мың.м3 құрады, бұл МКЗ отырыс хаттамасымен расталды.

01.01.2021 жылға теңгерімдік қор 146708,98 мың,м3 құрады

01

Тау-кен өндірісі

Біздің компаниямыздың негізгі артықшылықтарының бірі негізгі технологиялық жабдықтарды ұдайы жаңарту болып табылады, бұл шығарылатын өнім сапасын жақсартуға да, сонымен бірге өнім ассортиментін көбейтуге де әсер етеді. Қазіргі уақытта пайдалы қазбаларды өңдеу Boratas фирмасы өндірісінің қуаты 450т/сағ құрайтын жаңа ұнтақтау-сұрыптау кешенінде жүргізіледі.
Автокөлік пен арнаулы техника паркі де ұдайы жаңартылады

02

Сапа

Компаниямен шығарылатын барлық өнім сапа стандарттарына сәйкес келеді, бұл туралы өнімнің барлық түрлеріне арналған Сәйкестік сертификаттары растайды. 2018 жылы біздің компания «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ атынан «Сапа көшбасшысы» дипломына және бағалы жүлдесіне ие болды

03

Тасымалдау

Жеке кіріс теміржолдарының арқасында жүзеге асырылатын өнімді тәулік бойы жөнелту. Кіріс жолдарымен теміржол тұйығы Шалқар ауданының Бершүгір теміржол станциясымен тікелей жақын жерде орналасқан. 200 бірлік көлемінде ашық вагондар мен 120 бірлік көлемінде думпкарлар паркі жалға алынған

04

Сервис

Өнімге кез келген уақытта интернет арқылы тапсырыс беруге болады