Компания туралы

«Мугалжар Нефтестрой» ЖШС кәсіпорынның номенклатурасы бойынша ұсақтас өніміне кенсіз пайдалы қазбаларды (диабаз) өндірумен және өңдеумен айналысады. Компания 2011 жылдың шілде айында «Бершүгір-4» кен орнының базасында ашылған.
Кен орнын өңдеу кәсіпорын мен Ақтөбе облыстық табиғи қорлар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті арасында жасалған 02.11.2005 жылғы №33/2005 құрылыс тасын (диабаз) бірлесіп барлауды және өндіруді өткізу келісім-шартының негізінде жүргізіледі. Сонымен бірге кәсіпорынның тау өндірісін пайдалану лицензиясы бар.

Өнім

Шығарылатын өнім номенклатурасы

  • жоғары сапалы текше тәрізді ұсақтас фракциялары 5-10 мм, 5-20 мм, 10-20 мм, 20-40 мм, 40-70 мм және 25-60 мм МЕМСТ 8269.0-97 сәйкес
  • түрлі құмды-ұсақтасты қоспалар МЕМСТ 25607-2009 бойынша С1(0-40 мм) бастап С11 (0-20 мм) дейін және 6fd фракциялар қоспасы американдық сапа стандарттары бойынша
  • уақтау қалдықтарынан құм 0-5 мм ГОСТ31424-2010 сәйкес

«Мугалжар Нефтестрой» ЖШС карьерінде жеке кіріс теміржолдары және тәулігіне 80 вагонға дейін тиеу мүмкіндігімен тұйық бар.