Компания туралы

«Мугалжар Нефтестрой» ЖШС кәсіпорынның номенклатурасы бойынша ұсақтас өніміне кенсіз пайдалы қазбаларды (диабаз) өндірумен және өңдеумен айналысады. Компания 2011 жылдың шілде айында «Бершүгір-4» кен орнының базасында ашылған.
Кен орнын өңдеу кәсіпорын мен Ақтөбе облыстық табиғи қорлар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті арасында жасалған 02.11.2005 жылғы №33/2005 құрылыс тасын (диабаз) бірлесіп барлауды және өндіруді өткізу келісім-шартының негізінде жүргізіледі. Сонымен бірге кәсіпорынның тау өндірісін пайдалану лицензиясы бар.

Компания туралы

«Мугалжар Нефтестрой» ЖШС кәсіпорынның номенклатурасы бойынша қиыршық тас өніміне кенсіз пайдалы қазбаларды (диабаз) өндірумен және өңдеумен айналысады. Компания 2011 жылдың шілде айында «Бершоғыр-4» кен орнының базасында ашылған. Әкімшілік аймақтық бөліну схемасына сәйкес кен орны Ақтөбе облысының Шалқар ауданында  Бершоғыр теміржол станциясынан батысқа қарай 2,5 км, аудан ортылығынан 110 км және облыс орталығынан 250 км қашықтықта орналасқан.

Кен орнын өңдеу кәсіпорын мен Ақтөбе облыстық табиғи қорлар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті арасында жасалған  02.11.2005 жылғы №33/2005 құрылыс тасын (диабаз) бірлесіп барлауды және өндіруді өткізу келісім-шартының негізінде жүргізіледі. Сонымен бірге кәсіпорынның тау өндірісін пайдалану лицензиясы бар.

Бершоғыр диабаз кен орны 2006 жылы «Запрудгеология» ЖШС зерттелді. Бершүгір кен орнының диабаздары жанартау жыныстарына жатады және құрылыс жұмыстары үшін ұсақтастардың сапалы сорттарын өндіру үшін (соның ішінде жоғары беріктікті т/б бұйымдарының құрылысы үшін қажетті ауыр бетондарға арналған толтырғыш ретінде), теміржолдардың балласт қабатының, автокөлік жолдарының және аэродромдардың негіздерінің және жабындарының құрылысы үшін, кесек тас ретінде және темір-бетонды шпалдардың өндірісі үшін қолданылады. Сонымен бірге диабаз өңдеу материалы және ескерткіштерді дайындау үшін арналған материал ретінде кеңінен қолданылады.

Кен орны Бұрғылау жарылыс жұмыстарын қолданумен тау жұмыстарын дамыту жоспарына сәйкес таулы типті ашық әдіспен игеріледі. Бұрғылау жарылыс жұмыстарын мердігерлік ұйымдар жүргізеді.

Қиыршық тас шығару бойынша технологиялық процесс келесі кезеңдерден тұрады:

Өңдеу процессінде келесі автокөлік және арнаулы техника түрлері қамтылады:

автосамосвал – «Howo» (40 тн.-5 дана, 25 тн-3 дана)

экскаватор – САТ 336, САТ 329 және САТ 320

бульдозер SHANTUI S 32 (37 тн.)

жүк тиегіш – ZL 50 G

гидромолот САТ (жарып тасталған тау қоспасының кондицияға сәйкес емес кесектерін механикалық әдіспен өңдеу үшін).

Автокөліктің және арнаулы техниканың жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аймақта гараж тұрғызылған, онда жону жұмыстарын жүргізу үшін арналған учаске бар.

Кәсіпорында 15/15 екі ауысымдық вахталық жұмыс әдісі орнатылған, яғни дайын өнім өндірісі – тәулік бойы.

Карьерде жеке кіріс теміржолдар және сыйымдылығы 35 тонна тұйық бар. Дайын өнімді вагондарға тиеу фронталды жүк тиегіштермен жүзеге асырылады. Т/ж тұйығы тікелей Бершүгір станциясында негізгі карьерден 6,2 км қашықтықта орналасқан, бұл дайын өнімді жұмыс алаңынан тәулік бойы тасуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта технологиялық процессті жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның мақсаты өнімділікті өсірумен және шығарылатын өнім сапасын көтерумен қатар энергия қорларын, еңбек қорларын үнемдеу болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік алаңын жетілдіру қорытындыларымен Сіз «Компания жаңалықтары» тарауында таныса аласыз.

Карьерді басқару үшін телефон байланысымен, компьютерлермен жабдықталған әкімшілік кешені тұрғызылған.

Вахта уақытында жұмысшылардың тұруы үшін карьерде барлық қажетті санитарлық-тұрмыстық бөлмелермен, TV, ғаламтормен және т.б.жабдықталған тұрғын жайларды, 35 орынды жаңа асхананы, медициналық орынды қосатын вахта қалашығы тұрғызылған.

Барлық басшылар құрамының, өндірістік және қосалқы қызметкерлердің жоғары біліктілігі бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімін тексеруден өтеді.

 

Жөнелтілетін өнімнің есебін жүргізу үшін кәсіпорында үш сатылы бақылау орнатылған:

Барлық таразылар жыл сайын «ҰССО» АҚ Ақтөбе филиалының өкілдерімен тексеріледі.